RU
Шымкентте алаяқтар науқас баланың еміне жиналған бар ақшаны ұрлап кетті
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте алаяқтар науқас баланың еміне жиналған бар ақшаны ұрлап кетті

Рассказать Вконтакте

Шымкентте дертке шалдыққан баланың ата-анасын алдап, 145 мың теңгесін үптеп кеткен деп хабарлайды KYN.KZ сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: KYN.KZ

Фото: KYN.KZ

Қаржауовтар жанұясының ұлы сирек кездесетін “Шыны" ауруы дертіне шалдыққан.

“Біздің оқиғамыз Интернетте жарияланды. Сосын біздің картамызға ақша аударыла бастады. Бір күні бізге Шымкенттен хабарласып, балаға тегін екпе процедурасын жасап беруге шақырды. Біз қуанып, билеттерімізді алып, Шымкентке келдік.  Бесі күні осы қалаға келдік. Ол бізді түнде күтіп алып, пәтерге орналастырды. Пәтер бір тәулікке жалға алынды.

Сосын ол менен дәріге қажетті ақшаны шешіп алуды сұрады. Біз барып 145 мың теңгені шешіп алып, оған ақшаны бердім. Ары қарай пәтерге кеттік. Келесі күні таңертең оның телефоны сөндірулі болды. Неліктен басымызға осындай істің түскенін түсінбейміз. Балаға көмек керек, енді не істейміз? Біз полицияға барып, арыз жаздық. Бірақ әлі хабар жоқ. Пәтердің иесіне рахмет. Бізден ақша алмай отыр”, - дейді Ләззат Өтепқалиева.

Қаржауовтар жанұясының билеттерге, тіпті тамаққа да ақшалары жоқ. Олар қоныстанған пәтердің иесі, көршілер, заңгерлер көмек көрсетуде.

Айта кетейік, ішкі істер департаменті орын алған оқиғаға түсіндірме бермеген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
2
2
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel