RU
Жетім қызды жар еткен шымкенттік азамат оны жүкті күйінде тастап кеткен
Жаңалықтар Қоғам

Жетім қызды жар еткен шымкенттік азамат оны жүкті күйінде тастап кеткен

Рассказать Вконтакте

Шымкенттік жігітке тұрмысқа шыққан 22 жастағы Анар есімді аруды сүйгені жетімдер үйінде өскені үшін тастап кеткен деп хабарлайды newtimes.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ashahov.ru

Фото: ashahov.ru

Анар бір кездері күйеуі үшін модельдік карьерасы мен табысты жұмысынан бас тартқан. Бойжеткен Павлодарда жетімдер үйінде туып-өсіпті.

Өз қаласында ЖОО-на грантқа түсіп, оны жақсы аяқтаған. Арман қуып Алматыға келген ару модель болып жұмысқа орналасып, болашақ жарын сол кезде кездестірген екен.

"Мен мектепте, университет қабырғасында сұлулық байқауына қатысатынмын. Маған ынтық жігіттер көп еді. Өз жігітімді Алматыдағы мекемелердің бірінде жолықтырдым. Ол сымбатты болатын. Астында қымбат көлігі де болды. Сөйтіп ол екеуміз кездесе бастадық. Менің әке-шешесіз өскенімді естіп, ол маған енді өзі отбасы болатынын айтты. Бір жылдан кейін жігітім Дубайда үйленуге ұсыныс жасады. Ол кезде мен бақытты едім", – дейді Анар.

Айтуынша, Анар тұрмысқа шыққанша модельдік жұмысын тастамаған. Кейін Шымкентке жігітімен кеткенде, барлық жоспары мен армандарынан бас тартыпты. Сөйтіп екі жас дүркіретіп той жасаған. Алайда, барлық келеңсіздіктер тойдан кейін басталыпты. Енесі Анарды жетім болғаны үшін түртпектеп, күн көрсетпей қойған.

"Үйлену тойынан кейін күйеуімнің анасы өзгеріп кетті. Жетім болғаным үшін мені жақтырмады. Тіпті, шай құйғанымды да ұнатпай, әр қадамыма сөйлей бастады. Сол үшін күйеуім екеуміз жиі ұрысатынбыз. Енеме жүкті екенімді айтқанымда еш қуанбады. Үйдегілердің ешбірі мені келін деп қабылдамады. Бір күні анасының түртпегіне шыдамай, үйден кетіп қалдым. Алматыдағы құрбымның үйіне келдім. Күйеуім артымнан іздеп келмеді. Бір айдан кейін ажырасуға арыз беріп, өзіне бала да, менің де қажет емес екенімді айтты", – дейді жыламсыраған келіншек.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
0
0
17
0
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel