RU
Қанат Ислам жанкүйерлеріне үндеу жолдады (фото)
Жаңалықтар Спорт

Қанат Ислам жанкүйерлеріне үндеу жолдады (фото)

Рассказать Вконтакте

Жарақатына байланысты біраз уақыт шаршы алаңнан таса болған қазақстандық спортшы Қанат Ислам спортқа қайта оралмақ Бұл жайында халыққа үндеу жолдаған боксшының өзі айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

"Өздеріңіздің ыстық ықылас, жылы пейіл, риясыз сүйіспешіліктеріңіз бен таудай сенімдеріңіздің арқасында азды-көпті жетістікке жетіп, көк туымзды желбіретуге барымды салып келе жатқанымды білесіздер. Алла қаласа, бұл ұмтылыс, қайтпас құлшыныс жалғасатын болады. Барлықтарыңыз білетіндей спорт жолы - айтарлықтай күрделі жол.

Өйткені онда бір ғана адамның, жеке спортшының мақсаты жатқан жоқ. Онда - күллі ұлыстың, тәуелсіз елдің, қаймана қазақтың, қара ормандай жұрттың арман-мақсаты, сенімі мен үміті ұялаған.

Онда ұлттың намысы, желбіреген тудың асқақтағы, үлбіреген үлкен-кішінің талап-тілегі жатыр. Өзім деген спортшы сайыс майданына осылардың барлығын арқалап шығады. Арқалап шыққан екен, қандай қамал болса да алуы керек.

Біраз уақыт шаршы алаңнан шеттеліп қалған жайым бар. Оған себеп - сайыс пен жаттығу кезінде жазатайым алған жарақат. Физикалық тұрғыда сақадай-сай болу спортшыны жеңіс жолына жетелейтін мүмкіндіктердің негізгісі.

Осыған орай аз уақыт емделіп, алдағы айқас алаңына алаңсыз шығу үшін кідіріс жасағаным бар. Бұйыртса, ол қиындықтардың бәрі артта қалды", - деп жазды спортшы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
2
8
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel