RU
Алматыда ірі жол апаты болып, алты адам зардап шекті (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда ірі жол апаты болып, алты адам зардап шекті (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыда 9 қыркүйек күні болған ірі жол апатынан алты адам зардап шекті. Оның үшеуі – бала, біреуі аса ауыр хәлде ауруханада жатыр. Жол апаты Жандосов және Манас көшелерінің қиылысында болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған.

апцуука

Фото: sputniknews.kz

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Манас көшесімен келе жатқан Lada көлігінің жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамай, өте шыққан уақытта оған Toyota көлігі соғылады. 

Соққының қатты болғаны соншалық, Lada 180 градусқа аударылып түсіп, ал Toyota жол жиегіне ұшып кеткен.

Екі көліктің де ішінде отырған адамдар зардап шекті. Жедел жәрдем оқиға орнынан ауруханаға алты адамды жеткізді. Олардың үшеуі – бала. 
Алматыда ірі жол апатаы болып, алты адам зардап шекті (фото)

Фото: sputniknews.kz

Дәрігерлердің айтуынша, балалардың біреуінің хәлі аса ауыр. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде, ақ халаттылар оның өмірі үшін күресіп жатыр. 

Апат орнында полицейлер жұмыс істеуде. Олар кінәлі адамды анықтады, енді оның рөлді мас не сау күйінде жүргізгені тексеріледі. 

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel