RU
Халал туризмді ең көп тұтынған ел туралы не білеміз?
Жаңалықтар Әлемде

Халал туризмді ең көп тұтынған ел туралы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Біріккен Араб Әмірліктерінің туристері әлем бойынша халал туризм сегменті үшін 17,6 млрд доллар жұмсаған деп хабарлайды Islam.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Халал туризмді ең көп тұтынған ел туралы не білеміз?

Көренкі фото: vhijabe.ru

Бұл жайында Туризм және саяхат жөніндегі дүниежүзілік кеңес дерегі мен Mastercard төлем жүйесіндегі мәліметтерге сүйенген Дубай сауда-өнеркәсіп палатысының есебінде айтылған.

Осылайша аталмыш ел мұсылман елдері арасында аталған көрсеткіш бойынша көш бастады. Ал екінші орыннан Сауд Арабиясы көрінген - 16 млрд доллар, үшінші орынға Кувейт жайғасқан - 10,5 млрд доллар.

Жалпы алғанда әлем бойынша халал туризмнен түскен табыс 181 млрд долларға жеткен әрі алдағы уақытта бұл көрсеткіш бұдан да жоғары болмақ. Дәлірегі, 2020 жылға қарай 221 млрд долларды құрайды деп күтілуде.

Бұған қоса, мұсылман туристердің қарасы жылдан жылға артып келеді - 2020 жылға қарай 131 млн-нан 156 млн-ға дейін өспек.

Өткен 2017 жылы әрбір турист орташа есеппен алғанда 1381 долларды қалтасынан шығарған. 2020 ылға қарай бұл көрсеткіш 1417 долларға етпек. 

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel