RU
Ғаділбек Жаңай ұстаздарға кимешек киіп жүру туралы ой тастады (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ғаділбек Жаңай ұстаздарға кимешек киіп жүру туралы ой тастады (фото)

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Ғаділбек Жанай әлеуметтік желіде сауалнама жүргізу арқылы қазақстандық ұстаздарға кимешек киіп жүру туралы ой тастады деп хабарлайды NUR.KZ.

Ғаділбек Жаңай ұстаздарға кимешек киіп жүру туралы ұсыныс жасады (фото)

Ғаділбек Жаңай. Фото: kazVIP.kz

Әнші өзінің Іnstagram желісіндегі парақшасында кимешек киіп отырған бойжеткеннің суретін салып, оқырмандарын қызу талқыға салды деп жазады Kyn.kz.

Ал суреттің анықтамасына ол: «Біздің мұғалімдер осылай киініп оқушыларға білім үйретсе, берген ілімі де баланың бойына жұғымдырақ болар ма еді?», - деген жазба қалдырған.

Желі қолданушыларының бірі ұстаздарға кимешек жарасады десе, қалғандары  мұның жұмысқа ыңғайсыз екенін айтты.

«Оқитын бала киімге қарамайды», «Мына киім өте ыңғайсыз. Отыз бала отырған сынып ыстық болады. Мұғалім су терге түседі ғой», «Күннің ыстығында сіздерге кигізіп көру керек», «Әдемі, ұнайды. Солай болса екен деймін», «Мәселе киімде емес, білім сапасында», «Кимешек кигенге дұрыс қараймын», «Болашақ балаларымыз тәрбиелі, өнегелі, салауатты болар еді»,- деп пікірлерін білдірді көпшілік.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
4
2
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel