RU
"Қанымды бұзбаймын": ТМД аруы атанған қазақ қызы шетелдікке қарамайтынын айтты
Жаңалықтар Қоғам

"Қанымды бұзбаймын": ТМД аруы атанған қазақ қызы шетелдікке қарамайтынын айтты

Рассказать Вконтакте

Астанада күні кеше ғана «ТМД аруы» сынды ауқымды сән байқауы өткен еді. Оған ТМД елдерінің бойжеткендері қатысып, бағын сынап көрген-ді. Алматылық Әсем Есенгелдиева "Бірінші вице-Мисс" атанып, байқауда үздіктер қатарынан танылған. NUR.KZ тілшісі еліміздің атын шығарған арумен тілдесіп, аз-кем сұхбаттасып қайтты.

Фото арудың жеке архивінен алынды

Фото арудың жеке архивінен алынды

- Әсем, бұл байқау туралы қайдан білдіңіз?

Velada group агенттігі байқауды Қазақстанда, Астананың 20 жылдығына орай елордада өткізді. Агенттік Instagram-да кастинг жариялады, содан өтіп, байқаудың қатысушысы атандым.

- Сән әлемімен айналысатын бойжеткендер үнемі диета ұстап, спортпен шұғылданады деп жатады. Сіз де сол ұстанымдарды ұстанасыз ба?

Фото арудың жеке архивінен алынды

Фото арудың жеке архивінен алынды

Сенбейтін шығарсыз, бірақ қандай да бір диета ұстаймын деп айта алмаймын. Негізі мен ештеңеден бас тартпаймын, тәттіден де, басқасынан да. Жалпы кез келген тағамды өз мөлшерімен тұтынса, денсаулыққа ешқандай зиян келмейді деп ойлаймын.

- Бір жылдары белгілі актер Әнуар Нұрпейісовтың «Қазақстан аруы» байқауына қатысушыларын кітап оқымайды, ақын-жазушыларды білмейді деп сынап тастағанын білеміз. Сіз осындай сынмен келісісез бе?

Ануар Нұрпейісовты қаншалықты сыйласам да, оның мұндай пікірімен келіспеймін. Бәрі бірдей емес. Сәнгерлердің көпшілігі жоғары білімді, кітапты көп оқитын, жан-жақты адамдар болады. Сондықтан бір адам білмеді екен деп, бәріне топырақ шашуға болмайды.

Фото арудың жеке архивінен алынды

Фото арудың жеке архивінен алынды

- Көптеген сән байқауларының жеңімпаздары көбінесе отбасыдан бұрын, мансап қуып кетеді. Сіз де сол жолды таңдайсыз ба?

Қазір заман өзгерген, кез келген бойжеткен өз мансабында биік жетістіктерге жетіп, өзін жан-жақты дамыта алады. Бірақ әрине әйел адам болған соң, оның басты мақсаты – сүйікті жар, ардақты ана атану. Сондықтан өз басым ең алдымен отбасын құру және ана атану бақытын алдыңғы орынға қоямын.

Фото арудың жеке архивінен алынды

Фото арудың жеке архивінен алынды

- Сән әлемі қыздар үшін қиын жол екенін бәрі біледі. Сіз де ондай қиындықтар болмады ма? Отбасыңыз аталған саланы таңдағаныңызға қарсы болған жоқ па?

Бастапқыда негізінен отбасым қарсы болды. Сол кезде маған қолдау көрсеткен тек әпкем болған еді. Қазір бүкіл жанұям маған жанкүйер болып, барынша қолдауға тырысады. Әсіресе анамның қолдау көрсеткені мен үшін өте маңызды.

- Қазақ қыздарының шетел азаматына тұрмысқа шығуына қалай қарайсыз?

Біз демократиялық қоғамда өмір сүріп жатырмыз, сондықтан әр адамның өз таңдауы өзінде деп ойлаймын. Негізі кез келген бойжеткен үлкен махаббатпен тұрмыс құруы керек шығар. Мен қазақы тәрбиедегі отбасында өсіп, тәрбиелендім. Сондықтан өз қанымызды "бұзуға" қарсымын.

Әңгімеңізге рахмет!

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
19
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel