RU
"Басы істемейді": Шетелде айқай салып жүгірген Жәния Джуринская сынға қалды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Басы істемейді": Шетелде айқай салып жүгірген Жәния Джуринская сынға қалды

Рассказать Вконтакте

Шетелге демалысқа аттанған отандық танымал актриса желі қолданушылар сынына ұшырады. Көпшілік Жәния Джуринскаяның өзге елге келгеніне қатты қуанып, айқай салғанына ашуланып, өзінің жағымсыз пікірлерін жаудырған деп жазады NUR.KZ.

Интернет желісіне шетелге демалуға кеткен Жәния Джуринскаяның видеосы тарап, оқырмандар ашуын тудырған. Kaz_stars Instagram парақшасына жүктелген бейнежазбада отандық актрисаның өзінен-өзі айқай сала жүгіргені көрініс тапты.

Видеоны түсіріп тұрған танымал отандық әзілкеш шоу-бизнестегі әріптесінің "басы істемейтінін" айтудан да жасқанбаған.

Көпшілік қазақстандық кино саласындағы жарқын жұлдыздың қылығын ерсі санап, оны желіде аяусыз сынап тастады. Кейбір желі оқырмандары Жәния Джуринскаяның ішімдік ішіп, масайып қалғанын болжады.

"Не қылық енді мынау? Ішіп алған сияқты ғой"
"Осы қыздың соңғы кездері қылықтары біртүрлі болып жүр"
"Бұлай айқайлап жүргенше, тұрмысқа шықпайды ма? Жүре бермек пе енді осылай?"
"Түк көрмегендей, шетелдіктер не ойлады екен? Осы қыз кейінгі уақытта ұнамай жүр"
"Ұят емеспе, жыным ұстайды осы актрисаны көрсем. Өзін қалай ұстау керектігін де білмейді", - деп жазуда оқырмандар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel