RU
"Понт": Тойға қымбат көлікпен келген жас жұбайлар жұрттың ашуына тиді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

"Понт": Тойға қымбат көлікпен келген жас жұбайлар жұрттың ашуына тиді (видео)

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде тойға қымбат көлікпен кіріп келген жас жұбайлардың видеосы тарап кетті. @kazan_bas парақшасына шыққан бейнежазбаны көрген желі қолданушылары ғашықтардың бұл ісін ерсілікке балады деп хабарлайды NUR.KZ.

Видеода жас жұбайлардың өз тойларына қымбат көлікпен кіріп келе жатқандары байқалады.

Осы мезетте көңіл-күйі көтеріңкі қалыңдық баршаға қол бұлғап, амандасады.

Бейнежазбаны тамашалаған желі қолданушылары көлік нөмірлерінен тойдың Жамбыл облысында өткенін айтты. Олар ғашықтардың бұл қылығын ерсілікке балап, реніштерін білдірді.

"Ұят", "Үлкендерден ұялу деген жоқ қазір", "Адамдар, адаспаңдаршы. Үлкен кісілер отыр. Жаңа түскен келіннің қолын сермеуі ұят екен" , "Ай, құтырған заман-ай", "Понт"- деп жазды олар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
12
3
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel