Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дильназ Ахмадиеваның өзінен кіші әзілкешпен көңіл қосқаны рас па? (видео)

Опубликовано:

Ғаламтор кеңістігіне отандық әншінің өзінен әлдеқайда кіші танымал әзілкешпен түскен видеосы тарап кетті. Желі қолданушылар Дильназ Ахмадиева мен Жахан Ұтарғалиевтың арасында қарым-қатынастың барын болжап, жұлдыздардың жай ғана дос екеніне күмәнданды деп жазады NUR.KZ.

Фото: Скриншот
Фото: Скриншот: UGC

Танымал әзілкеш Жахан Ұтарғалиев өзінің Instagram парақшасында махаббатын тапқанын айтып, жүрегін жаулаған арумен түскен видеосын жүктеп қойды. Оның бейнежазбасы желіде шу тудырып, оқырмандардың қызу талқысына түскен.

Аталмыш видеода әзілкеш көптен күткен аруына кезіккенін айтып, көпшіліктің алдында Дильназ Ахмадиеваға сезімін білдірген. Оған қоса, Жахан Ұтарғалиев бейнероликтің астына "махаббатым менің" деген жазба қалдырған.

Кейбір желі қолданушылары танымал әзілкеш пен отандық әншінің арасында қарым-қатынастың барын болжаса, басқа оқырмандар жұлдыздардың жай ғана әзілдеп жатқандарын айтты.

"Бағың ашылсын. Осылардың арасында бірдене барын білгем"
"Өзіңді қинама жігіт әлі жассың ғой. Басқа қыз таппадың ба?"
"Дильназ керемет жан. Бақыт тілеймін сендерге шын жүректен"
"Жай қалжындап оқырмандарын жынды қылып жатыр ғой. Сендер болса сеніп олардың айтқанына"
"Бірге түскен видеолары қаптап кетті соңғы уақытта. Жай ғана достық дегенге күмәнім бар", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1751780-dilnaz-ahmadievany-zinen-kisi-zilkespen-kil-koskany-ras-pa-video/

pixel