RU
Ақтөбеде жылқы іздеп кеткен бір топ адам 10 күннен бері табылмай жатыр (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде жылқы іздеп кеткен бір топ адам 10 күннен бері табылмай жатыр (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында 80 жастағы қария он күннен бері хабарсыз кеткен екі ұлына іздеу салды. Ақсақалдың бір ұлы мемлекеттік қызметкер екен. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ақтөбеде жылқы іздеп кеткен бір топ адам 10 күннен бері табылмай жатыр (фото)

Бақберген Қарақовтың жоғалып кеткен ұлдары. Фото: nur.kz

"Жоғалған 33 бас жылқыны іздеп жүргенімізге екі жыл болды. Жақында Шалқар жақтан "сыртта жүрген жылқыларды көрдік" деген хабар келді. "Көрдім" деген кісіні ертіп алып, екі балам іздеп кетті. Содан бері хабар жоқ", - дейді ұлдарын іздеген Бақберген Қарақов.

33 бас жылқыны іздеген алты адам 1 қыркүйекте шығып кеткен. Үшеуі Шалқар ауданының тұрғындары, қалғандары Ырғыздан.

Жоғалғандар Арал ауданының Ақеспе ауылына қарай бет алды деген хабар ғана бар.

"6 қыркүйек күні түнде ұйықтай алмай полицияға хабар бердім. Қайтейін, қолымнан басқа ештеңе келмейді. Өзім 80 жастағы шалмын. Шаруа қожалығы менің атымда, балаларым қызметте. Біреуі ауыл шаруашылығында жұмыс жасайды", - дейді қария.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
9
8
42
0
3
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel