RU
Алматыдағы Саин көшесі үш шақырымға ұзаратын болды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыдағы Саин көшесі үш шақырымға ұзаратын болды

Рассказать Вконтакте

Алматының Саин көшесі 3 шақырымға ұзартылады. Жаңа торап қаланың солтүстік батыс бөлігін орталықпен жалғайды. Құрылыс жұмыстары тиісті қаржы бөлінсе бірден басталмақ. Ал қараша айында Назарбаев даңғылының жаңа, ұзартылған бөлігі қолданысқа беріледі деп хабарлайды Алматы арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

ыиваиви

Фото: АНДРЕЙ ПЕРЕВЕРЗЕВ/yvision.kz

Алматының ұзын-сонар көлік кептелісін азайту үшін тағы да қарқынды құрылыс басталмақ. Келер жылы Саин көшесін Рысқұлов даңғылы мен Ақын Сара көшесі аралығында ұзарту жоспарланып отыр.

Ұзындығы 3 шақырымнан асатын жаңа торап әсіресе, қаланың солтүстік батыс бөлігінен орталыққа қатынайтын тұрғындарға ыңғайлы болмақ. Жауапты басқарма өкілдері қазір құрылыс жобасын әзірлеп жатыр.

«Саин көшесі «Домиллион» сауда үйінен төмендегі айналма жолмен бітеді ғой. Соны төмен қарай, Боралдай тас жолына дейін шығарамыз. Сонда Момышұлымен қосқаннан кейін екінші Момышұлы көшесі Саин көшесі болып қалады ғой. Яғни, сіз Саин көшесімен Боралдай кентінен бір-ақ шығасыз», – деді Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Ернұр Әбжахан.

Өткен жылы қаладағы магистралды тас жолдардың көлік жүктемесін 20 пайызға төмендету үшін Хмельницкий көшесі мен Назарбаев даңғылын ұзарту қолға алынған болатын.

Қазір қос нысанның да құрылысы 80 пайызға аяқталыпты. Мердігерлер жаңа тораптарды қараша айында қолданысқа бермек.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel