RU
Алдағы күндері еліміздің кей жерлерінде қар жауып, үсік жүруі мүмкін
Жаңалықтар Қоғам

Алдағы күндері еліміздің кей жерлерінде қар жауып, үсік жүруі мүмкін

Рассказать Вконтакте

Алдағы күндері Қазақстанда жауын-шашын мен қар жауып, ауа-райы салқындай түседі деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: activerain.com

Көрнекі фото: activerain.com

Осы аптада еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде үсік жүреді. Синоптиктер бұл аймақтарда жаңбыр мен ылғалды қар жауып, ауа-райы 1-3 градусқа дейін төмендейтінін айтуда.

Ал Астана мен Ақмола облыстарында бүгін, 10 қыркүйек күні желдің ұйытқуы 15-20 м/с көтеріліп, найзағай ойнайды. Осыған байланысты өңірде дауылдық ескерту де жарияланған.

Одан бөлек, мұндай ескерту Қызылорда, Қостанай және Ақмола облыстарына да жіберілген.

10 қыркүйек күні Қызылорда облысында шаңды боран мен қатты жел соғуы мүмкін. Мұндай жағдай бүгін Қостанай облысында да тіркеліп отыр.

Қыркүйектің 11-нен 12-не қараған түні Ақмола облысында жаңбыр, қар жауып, ауа-райы 1-3 градусқа дейін төмендеп кетеді.

Ал еліміздің оңтүстік өңірлерінде жылы ауа-райы сақталады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel