RU
Семейде өлген адаммен қоштасатын арнайы ғимарат пайда болды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Семейде өлген адаммен қоштасатын арнайы ғимарат пайда болды (фото)

Рассказать Вконтакте

Семейдегі ықшам аудандардың бірінде атауы ерекше нысан пайда болды. Желі қолданушыларының айтуынша, "Семей" жерлеу үйі деп аталған ғимарат шаһардағы Затон ауданында бой көтерген екен. Қала тұрғындары аталмыш нысанның сырты да үрей туғызатынын айтып жатыр. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

"Семей" жерлеу үйі, "Қоштасу" залы деп аталатын ғимарат Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде пайда болған. Желі қолданушылары оны шамамен қаладағы "Затон" ауданында бой көтерген деп болжап отыр.

Пабликтегі суреттен "жерлеу үйі", "қоштасу залы" деген жазбаны анық көруге болады. Аталған ғимарат әсіресе желі қолданушыларының үрейін тудырып отыр. Олар "Сонда мұндай не істейді екен?", "Сырты да сұп-сұр: қорқынышты", "Бүкіл қала өлгендей әсер қалдырады" деген пікірлерін жарыса жазып жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel