RU
Түркияда туылған қазақстандық сәби елге жеткізілді
Жаңалықтар Қоғам

Түркияда туылған қазақстандық сәби елге жеткізілді

Рассказать Вконтакте

Түркиядағы жетімдер үйінде қалып қою қаупі бар нәрестенің ата-анасы оны енді көрмейміз бе деп қорыққан еді. Бұл туралы Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: depositphotos.com

Көрнекі фото: depositphotos.com

Екі айлық Полина Васильеваны көрші елде дүниеге алып келген ата-анасы перзентхана қызметі үшін 29 мың доллар төлей алмаған. Сондықтан түрік дәрігерлері сәбиді оларға бермей қойыпты.

Абырой болғанда, Полинаның ата-анасына қайырымды жандар мен Қазақстан консулдығы көмектесіп, мерзімінен бұрын дүниеге келген қызды санавиациялық ұшақпен елге аман-есен жеткізді.

Сыртқы істер министрлігі қыздың әкесіне жол құны мен қонақүйін төлеп, қызын шетелден алып келуге жағдай жасады. Бас консул Бауыржан Әбдірахманов Васильевтер отбасының мәселесіне өзі араласты.

Алайда мәселе тек билет құнында ғана емес еді. Антальядағы клиника Полинаның ата-анасынан көрсеткен қызметі үшін 29 мың доллар сұрап, оны төлемеген жағдайда сәбиді қолдарына бермейтінін жеткізген.

Осы орайда шарасыз қалып шырылдаған отбасыға қазақстандықтар қол ұшын созып, қажетті соманы олардың шотына аударған.

Еске салсақ, Васильевтер отбасы бірнеше айдан бері қазақстандықтардың уайымына айналған. Дарья Васильева жұбайымен Антальяға демалуға барып, мерзімінен бұрын босанып қалады.

Нәресте шала туылғандықтан, оны клиникада ұзақ уақыт жатқызып, кейінірек ауқымды сомаға қарыз болғандарын айтқан. Ал қаржыны төлей алмаған жағдайда, дәрігерлер баланы жетімдер үйіне өткіземіз деп қорқытыпты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel