Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Доллардың бағамын айтқан алаяқтар зейнеткердің 270 мың теңгесін ұрлап кетті

Опубликовано:

78 жастағы астаналық зейнеткер депозиттегі 270 мың теңгесін алаяқтарға алып берген. Бұл туралы Астана Ішкі істер департаменті қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Астана қалалық ІІД
Фото: Астана қалалық ІІД: UGC

Астаналық зейнеткерді айлакерлер тақырға отырғызып кетті.

Өзбекстандық екі әйел бір ер азамат кейуананың 270 мың теңгесін алдап алып кеткен. Олар зейнеткермен көшеде танысып, теңгенің құлдырап жатқаны туралы баяндаған.

Кейіннен алаяқтар әжейге жинаған ақшасынан айырылып қалатынын айтып, басқа банктен карточка ашуын ұсыныпты.

Айлакерлерге сеніп қалған әжей өз карточкасынан 270 мың теңге шығарып берген. Ал олар қаржыны ала салып, жоғалып кетіпті.

Қазіргі уақытта күдіктілер ұсталып, өз кінәларын мойындады.

Тергеу барысында үш алаяқтың Өзбекстаннан келгені, олардың елордада пәтер жалдап тұрып жатқаны анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1751838-dollardy-bagamyn-ajtkan-alaaktar-zejnetkerdi-270-my-tegesin-rlap-ketti/

pixel