Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жақұт тастары бар көлік мінген Айнұр Тұрсынбаева елдің қызу талқысына түсті (видео)

Опубликовано:

Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева тағы да көпшіліктің қызу талқысына түсті. Бұл жолы Тұрсынбаева жақұт тастармен әрленген көлікпен қыз ұзатып, көпті таң қалдырды деп жазады NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Ерекше көлікпен қыз ұзатқан видеоны Айнұр Тұрсынбаева өзінің Instagram парақшасына жариялаған.

"Талдықорғанда осындай ерекше той басталды.. Барлық қазақтың қызына осындай сән-салтанатпен ұзатылу бұйырсын... Бағың жансын ботам! Мені жарты жыл бұрын шақырып қойған, соның өзінде "келмей қала ма деп қатты қорықтым" дейді. Шақырған жерден қалмаймыз ғой. Тойда кездесейік",-деп жазған ақын.

Аталмыш бейнежазбаға қатысты желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Олардың бірі тұрмыс құрып жатқан бойжеткен "Бақытты бол", "Бағың жансын" деп ақ тілектерін жаудырса, енді бірі "Ақшаны желге шашқан", "Жағдайы барлар осылай тойға қатты шашылады" деп сынап тастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1751841-zakt-tastary-bar-klik-mingen-ajnr-trsynbaeva-eldi-kyzu-talkysyna-tsti-video/

pixel