RU
Мадина Сәдуақасова өзін жүкті дегендерге жауап берді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Мадина Сәдуақасова өзін жүкті дегендерге жауап берді

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші өзінің концерті алдында ел арасында тарап кеткен сыбыстарға нүкте қойды. Мадина Сәдуақасова аяғы ауыр екені туралы әңгімелерді өзінің пиар өкілдері ойлап таппағандығын айтты деп жазады "Если честно" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова сұхбаты барысында екі жыл бұрын болған концертінде орын алған оқиға жайлы айтып, елдің күдігіне нүкте қойды. Бағдарлама жүргізушісі әншіге сол концерт алдында әдейі жоспарлы түрде таратылған жүктілік туралы әңгімелерді бетіне басқанда, отандық жұлдыз бірден қатты жауап берді.

"Ол менің пиар өкілдерімнің ойдан шығарған әңгімесі емес. Яғни, айтқым келгені ол елдің таратқан сыбысы. Мені сауда орталығында кең киімде көріп қалған жанкүйерлерім менің жүкті екенімді болжаса керек", - деп айтты әнші.

Оған қоса, әнші өзінің концерттеріне адам қызығушылығын арттыру үшін мұндай арзан өсектерге жүгінбейтінін айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
3
1
4
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel