RU
Автобуста өртенген 52 өзбектің жақындары кінәлілердің қатаң жазалануын сұрайды
Жаңалықтар Қоғам

Автобуста өртенген 52 өзбектің жақындары кінәлілердің қатаң жазалануын сұрайды

Рассказать Вконтакте

52 өзбек азаматы жанып кеткен автобус оқиғасына қатысты жәбірленушілер сотқа талаптарын айтты деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірлік тілшісі.

Фото:Vesti.UZ

Фото:Vesti.UZ

Бүгін Ақтөбе облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында аталмыш іске қатысты сот отырысы жалғасуда.

Өзбекстаннан келген 19 жәбірленушінің туыстары келген. Олар Түркістан облысы Сарыағаш облысынан тікелей эфир арқылы сотқа қатысып отыр. Жәбірленушілерге өзбек тілінен аудармашы мен қорғаушыны сол ауданнан табылған.

Бүгінгі сот талқылауы жәбірленушілердің талап-тілегінен басталды.

"Біз табыттағы мәйітті ашып көрген жоқпыз. Сараптама қорытындысымен танысқан жоқпыз. Мен осы жаққа інім мен ұлымды іздеп келдім. Балалар тірі, соларды табу керек. Олар үйден шыққанда киімдерін, тамақтарын алып кеткен. Ал өртенген автобус жүргізушілеріне қатаң жаза қолдануды сұраймын", - дейді жәбірленуші Абдуғафар Хасанчаев.

Сотқа қатысып отырған 19 жәбірленуші Сарыағаш ауданынан екі қорғаушы жалдаған. Олар Ақтөбеде өтіп жатқан сот отырысына тікелей эфир арқылы қатысатын болады.

Сонымен қатар, жәбірленуші тараптың қорғаушысы, материалдық-моральдық залалды жарыссөз кезінде сұрайтындарын айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel