RU
Алматыда белгісіз біреу бойжеткенді 12 жерінен пышақтап кетті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда белгісіз біреу бойжеткенді 12 жерінен пышақтап кетті

Рассказать Вконтакте

4 қыркүйек күні "Думан-2" ықшам ауданында белгісіз біреу бойжеткенді 12 жерінен пышақтаған. Бұл туралы арудың туысы Байтақ Тұрсынбаев өз Facebook парақшасында жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: facebook.com/baitak.tursynbaev и infoliepaja.lv

Фото: facebook.com/baitak.tursynbaev и infoliepaja.lv

Жазбада Әйгерім Мақашева есімді арудың 12 жеріне пышақ ұрылғаны, оның бесеуі ауыр жарақатқа әкелгені жазылған.

Сондай-ақ, жәбірленушінің туысы қыздың жарақаты болса да, үй есігіне дейін жеткенін айтқан

Оның сөзінше, Әйгерімге осы уақытқа дейін үш ота жасалғанымен, жағдайы бұрынғыдай ауыр.

Өз жазбасында Тұрсынбаев бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалмағанын, үш аптада үш тергеуші ауысып, ешқайсысы тергеу жұмыстарын жүргізбегенін айтқан.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
4
5
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel