RU
52 адам қаза тапқан автобустағы жағдайға қатысты тың ақпарат шықты
Жаңалықтар Қоғам

52 адам қаза тапқан автобустағы жағдайға қатысты тың ақпарат шықты

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде тірідей жанып кеткен 52 Өзбекстан азаматына қатысты мемлекеттік айыптаушы тың ақпаратты айтты деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірлік тілшісі.

Фото: Казинформ

Фото: Казинформ

Сот кезінде жәбірленушіден сотталушының қорғаушысы тірі қалған өзбек азаматтарының жауабтарымен танысқан-таныспағанын анықтаған болатын. Жауапты прокурор берді.

"Тірі қалған екі өзбек азаматынан жауап алынған жоқ", - деді прокурор Осман Орынбасарұлы.

Мемлекеттік айыпталушы іс тергеуінде өртенген автобус ішінен аман шыққан өзбек азаматтарының тек оқиға болған кездегі жауаптары бар екенін айтты. Одан кейін көрші ел азаматтарын ешкім мазаламаған. Ал сотталушылардың туыстары оқиғаны басынан аяғына дейін білетін тірі қалған өзбек азаматтары да сотқа қатысуын талап етеді.

"Неге олар жауап бермейді? Бір жүргізуші ұйықтап жатты, қалған екеуі сыртта жүрген. Оқиғаны толық білетін автобус ішінде болған сол екі өзбек азаматы. Олар сотқа қатысуға тиіс. Нағыз куәгерлерсіз сот отырысын жасау да түсініксіз. Оның үстіне аман қалған жолаушы сол автобустағы өзбектердің басшылары екен", - дейді сотталушының анасы Гүлмира Таңатова.

Жәбірленуші тараптың туыстары да соттан тірі қалған екі өзбек азаматының жауабымен таныстыруды сұрады.

Естеріңізде болса, қаңтар айында Шымкент қаласынан 57 жолаушыны мінгізіп, Ресейдің Қазан қаласын бетке алған автобус Ақтөбе облысының Ырғыз ауданының тұсында жанып кеткен болатын. Тұрып қалған автобус ішінде паяльникпен жылынған 52 өзбек азаматы тірідей жанып кетті.

Оқиғаға қатысты сот Ақтөбе облысында өтіп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
1
3
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel