RU
"Жігіттер қайда?": Астаналық кондуктор жолақысын төлемеген ер азаматпен төбелесе кетті
Жаңалықтар Қоғам

"Жігіттер қайда?": Астаналық кондуктор жолақысын төлемеген ер азаматпен төбелесе кетті

Рассказать Вконтакте

Астанадағы автобустардың бірінде оқыс жағдай орын алды. №51 маршруттың кондукторы жолақысын төлемеген азаматпен төбелесіп, оны мәжбүрлі түрде қоғамдық көліктен шығармақ болған. Ашулы азамат кондуктор және жолаушылармен жаға жыртысқан деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Кондуктор мен жолаушы арасындағы "теке-тірес" Instagram-дағы пабликтердің бірінде пайда болған. Жазба авторының айтуынша, оқиға қаладағы №51 автобуста орын алған екен. Жолақысын арнайы карта арқылы төлемеген жолаушы, аталған әрекеті үшін кондуктордан сөз естіпт тынады. Ашулы кондуктордың "Жігіттер қайда? Шық автобустан" деген сөзін анық естуге болады. Ал жолаушы кондуктордың мұндай сөзіне шыдамай оған қарсы шығады. Ол тіпті әйел адаммен жаға жыртысуға дейін баратынын көруге болады.

Желі қолданушылары болса аталған бейнежазбаға қатысты түрлі пікір қалдырған. Олардың бірі "Ақысыз жүретін жолаушыға солай ету керек", "Өте дұрыс, автобустан шықсын" десе, енді бірі "Бір ретке кешіруге болатын еді", "Кондуктарлар әдепсіз, ұят" деген пікірлерін жаудырып жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
0
1
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel