RU
Өзінен кішкентай жігітке тұрмысқа шыққан әзілкеш Есен Елеукенге ренжіп қалды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Өзінен кішкентай жігітке тұрмысқа шыққан әзілкеш Есен Елеукенге ренжіп қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әзілкеш өзінің үйлену тойына келмеген Есен Елеукенге ренішін білдірді. Өзінен алты жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан Мереке Бауыржанқызы ҚТА төрағасының тойға келмек түгіл, оларға құттықтау хабарламасын жібермегенін айтып жылдаы деп жазады NUR.KZ.

Жұлдызды әзілкештердің берген сұхбатынан үзінді qaz.stars парақшасында жарияланған. Онда өз тойы туралы айтып жатқан олар, мерекелік шараға келмеген қонақтарына ренішін білдірген.

Анықталғандай, жас жұбайлар қуанышына Тұрсынбек Қабатов, Ләйлә Сұлтанқызы мен Болат Мажағұлов сынды танымал тұлғаларды шақыоған. Олардың нөмірі болмағандықтан, ғашықтар өз тойына шақыруды әлеуметтік желі арқылы іске асырған.

"Бетпе-бет айтуға дәтім бармағандықтан, Instagram арқылы жазып жібердім. Сонда риза болғаным. Болат Мажағұлов мырза: “Мереке, Құдай қаласа барамыз” деп жазып жіберіпті. Бізбен салыстырғанда жан-жақты, ол кісінің мүлдем қолы бос емес”, - деп айтты Мереке.

Алайда, бұл тұрғыда әзілкеш өзінің әкесіндей көрген Есен Елеукенге қатты ренжігенін жеткізді. Айтуынша, басқаларды тойына желі арқылы шақырса, отандық КТА-ның жарқын өкіліне шақыру билеті қолына берілген. Бірақ мұнысына да қарамай Есен Елеукен жас әзілкештердің үйлену салтанатына келмей қойған.

Өзінен алты жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан Мереке КТА-дағы танымал тұлғаның тіпті құттықтау хабарламасын жібермегенін айтып, көз жасын тыя алмады.

"Мен 10 жылдың көлемінде сахнада жүрмін. Туыстарым “Есен ағадан бастап барлығы келеді, суретке түсеміз деп ойлап жүрді. Басқаларға желі арқылы хабарласақ, ал Есен ағаның қолына бердім. Есен ағаны әкеміздей көрдік. Немесе телефонмен хабарласып, құттықтауға болар еді”, – деп жылап қалды бойжеткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
8
0
0
1
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel