RU
Атырауда зират бөлшектерін ұрлағандар жаға ұстатты
Жаңалықтар Қоғам

Атырауда зират бөлшектерін ұрлағандар жаға ұстатты

Рассказать Вконтакте

Атырауда бірнеше азамат зират бөлшектерін ұрлаған. Бұл туралы mgorod.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: arnapress.kz

Көрнекі фото: arnapress.kz

Атырау қалалық Ішкі істер департаментің хабарлауынша, полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында зират бөлшектерін ұрлауға тырысқан адамдарды анықтаған.

Олардың екеуі осыдан бұрын да зират бөлшектерін алып, металл өткізетін орындарға апарып отырғанын мойындапты.

Одан бөлек, металл қабылдаушы орынның кәсіпкерлікке қатысты құжаттары жоқ болып шыққан екен.

"Қазіргі уақытта Атырау қалалық Ішкі істер басқармасы алдын ала тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр", -деді ІІД баспасөз қызметінде.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
2
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel