RU
БҚО-да екі жасар сәби балабақшадан бет-аузы көгеріп қайтқан
Жаңалықтар Қоғам

БҚО-да екі жасар сәби балабақшадан бет-аузы көгеріп қайтқан

Рассказать Вконтакте

Батыс Қазақстанның Жаңғала ауылында тұратын екі жасар Расул Қайырбек балабақшадан бет-аузы көгеріп қайтқан. Баланың ата-анасы оның жай ғана құлап қалғанына сенбей отыр деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі фото: ciur.ru

Көрнекі фото: ciur.ru

Расулдың анасы Арайлымның айтуынша, 3 қыркүйек күні ол "Бөбек" балабақшасынан баласын алып қайтуға барғанда, оның түрін көріп шошып кеткен.

"Баламның бет-аузы көгеріп, ісіп кетіпті. Тәрбиешіден оған не болды деп сұрағанымда, үстелден құлап кеткенін айтты. Маған неге хабарласпадыңыздар деп ашуланып, баламды бірден дәрігерге алып бардым.

Расулдың мұрны сынбаған екен. Бірақ оның бетіндегі жараларға кім жауап береді? Ол түнімен ұйықтамай, жылап шығады. Әлі тілі шықпағандықтан, өзіне не болғанын айтып бере алмай отыр. Қазір аудандық ішкі істер басқармасына арыз жаздық. Олар кінәліні анықтап, тиісті жазасын береді деп сенемін", - дейді Арайлым Қайырбек.

Балабақша басшылығы болған істі растап, тәрбиеші жас болғандықтан, анасына хабарлауға қорыққан дегенді айтуда. "Расул құлаған сәтте ойыншық жинап жаттым" деп ақталған маман қазір еңбектен уақытша босатылған көрінеді.

Ал Жаңғала аудандық білім бөлімінің басшысы бұл жағдайды екі күн өткен соң бір-ақ естіпті. Дегенмен шенеунік баланың жағдайына кінәлілерді тауып, жазалаймыз деп нақты сеніммен айтып отыр.

Шындық іздеп, шырылдаған ананың арызынан кейін Жаңғала аудандық ішкі істер басқармасы бұл іске қатысты тексеру жұмыстарын бастап кетті.

"Медициналық сараптама нәтижесі шыққан соң қылмыстық іс қозғалады. Егер баланың денсаулығына орта дәрежелі зақым келтірілгені анықталса, онда қылмыстық іс ретінде қаралатын болады", - дейді полицейлер.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
2
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel