RU
Тірідей жанып кеткен өзбек азаматтары жұмысқа орналасу үшін 100 доллардан жинап беруге келіскен
Жаңалықтар Қоғам

Тірідей жанып кеткен өзбек азаматтары жұмысқа орналасу үшін 100 доллардан жинап беруге келіскен

Рассказать Вконтакте

52 жолаушысы жанып кеткен автобус оқиғасына қатысты сот отырысы Ақтөбеде жалғасып жатыр. Жәбірленушілер тірі қалған екі өзбек азаматымен өздері кездескендерін айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

Фото: Радио Азаттық

Фото: Радио Азаттық

"Мен тірі қалған өзбек азаматтарымен үш рет Өзбекстанда кездестім. Олардың айтуынша, "Ол оқиға болған кезде автобуста түс көріп ұйықтап жаттым. Түсімде жол оқиғасын көрдім. Оянып кеткенде аяғым жанып жатыр екен. Олардың улануы мүмкін емес. Олар уланса мен де уланар едім. Олар жанса, мен де жанар едім. Аяғымдағы отты сөндіру үшін сыртқа шықтым. Автобус жанып жатқанда жүргізушілер кіргізген жоқ" деп айтқан Исаков айтқан сөзіме жауап беремін деді. Алғашында бізге оларды да сотқа қатыстыратынын айтты. Неге ол куәлерді сотқа алып келген жоқ? Осыдан кейін сотқа қалай қанағаттанамын? Бұл жерде жүргізушілерден басқа ешқандай куәгер жоқ", - дейді жәбірленушінің әкесі Абдирашид Исамиддинов.

Жәбірленуші ДНҚ сараптамасымен тек Қазақстанға келгенде ғана танысқандарын айтты.

"Балам ақша табу үшін шықты. Оларды жұмыс тауып беремін деп Исаков ертіп алып кетті. Олар жол бастаушыларына жұмысқа орналасу үшін жол ақысынан бөлек 100 доллардан жинап беруге келіскен. Біз ДНҚ сараптамасымен тек Ақтөбе келгенде ғана таныстық", - дейді Абдирашид Исамиддинов.

Балаларының өліміне сенбейтінін айтқан марқұмдардың ата-аналары балаларына іздеу салуды сұрап отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
0
6
1
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel