RU
Теміртаулық қыз интернетте жігітпен танысамын деп айықпас дертке шалдықты
Жаңалықтар Қоғам

Теміртаулық қыз интернетте жігітпен танысамын деп айықпас дертке шалдықты

Рассказать Вконтакте

Теміртауда 19 жастағы қыз ВИЧ-пен ауыратынын білгеннен кейін полицияға 28 жастағы ер адамның үстінен арыз түсірді. СПИД-пен күрес орталығының мамандары эпидемиологиялық тексеру жүргізіп, қаскүнем вирусты тағы үш адамға жұқтырғанын анықтады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

упыукрыкт

Көрнекі фото: CC0 / rebcenter-moscow

Орталықтың баспасөз хатшысы Светлана Могайдың айтуынша, әзірге зардап шегушілердің біреуі ғана полицияға арыз жазған.  

"Қыз 19 жаста, ол адаммен интернет арқылы танысқан. Олар бір айға жуық сөйлесіп жүрген, ол оған жылы-жылы сөздер айтып, өлең жазып, жүрегін жаулаған. Қысқасы, қалада серуендеу үшін кездескен. Ал серуендеп болған соң, ер адам қызды үйіне шақырған. Өзінің айтуынша, үйде оны жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген", — дейді Светлана Могай.

Қыз бұған дейін ешкіммен төсектес болмаған, ол болған жайтты құрбысына айтып берген. Құрбысы ВИЧ-ке тест тапсыруға кеңес беріпті.   

"Содан кейін, әрине, біздің мамандар эпидемиологиялық тексеру жүргізіп, тағы үш әйел зымияндық әрекеттің құрбаны болғанын анықтады. Алайда олар әзірге полицияға арыз жазуға дайын емес. Ер адам 118-бап – иммун тапшылығы вирусын жұқтыру бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуы тиіс", — деп түсіндірді Могай.

118-баптың 3 бөлігіне сәйкес, егер күдікті өзінің науқас екенін біле тұра, кем дегенде екі адамға жұқтырса, сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Ал ол, әрине, білді. Әрбір пациент арнайы құжатқа қол қойып, өзіне жауапкершілік алады. Яғни, ол қыздармен қорғанбай жыныстық қатынасқа түсіп, заңды бұзып жатқанын жақсы білді", — дейді ол.   

Ер адамның мұндай әрекетке неліктен барғанын СПИД орталықтың мамандары әзірге білмейді. Бұл іспен одан әрі полицейлер айналысады.   

"Қыз әлі күнге есеңгіреген күйі отыр. Онымен біздің психолог жұмыс істеуде. Біз оған препараттардың көмегімен ұзақ әрі толыққанды өмір сүруге болатынын түсіндіріп жатырмыз. Бізде ретровирустық терапия көмегімен 80-ге дейін өмір сүріп жатқан пациенттер бар", — деп түйіндеді Светлана Могай.  

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
0
4
2
2
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel