RU
"Назарбаев бекер тағайындамайды": Депутаттар Исекешов туралы ойларымен бөлісті
Жаңалықтар Саясат және экономика

"Назарбаев бекер тағайындамайды": Депутаттар Исекешов туралы ойларымен бөлісті

Рассказать Вконтакте

Мәжілісмен Магеррам Магеррамов мемлекет басшысының экс-әкім Әсет Исекешовті Президент әкімшілігінің басшысы етіп тағайындау туралы Жарлығын қуана қабылдады деп хабарлайды NUR.KZ.

"Назарбаев бекер тағайындамайды": Депутаттар Исекешов туралы ойларымен бөлісті

Нұрсұлтан Назарбаев пен Әсет Исекешов. Фото архивтен: Ақорда

"Қанша жорамалдар жүрсе де біздің саясаткерлер мен сарапшылар, əдеттегідей мүлт кеткенін айта кету керек"- деп бастады сөзін депутат NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында.

Магеррамов, сондай-ақ, Астананың бұрынғы әкімінің жасы маңызды емес деп санайды.

"Біріншіден, біз Əсет Өрентайұлымен құрдаспыз, біздің ұрпақтың мемлекеттік басқару жүйесіне осынша маңызды қызметке келуі мені қуантады.

Екіншіден, мемлекет басшысы жəйдан жəй тағайындамайды, демек, қандай да бір белгілі көріністер бар екені хақ, сонымен қатар, қандай да бір тапсырмалар қойылатын болады",- деп баяндады депутат.

Мәжілісмен Исекешовтің "практикалық багажын" да атап өтті.

"Мен оң көзқараспен қараймын, Əсет Өрентайұлы өте тəжірибелі адам, ол басшылықта да, әкімшілікте де жұмыс жасады, маңызды қала - Қазақстанның астанасын басқарды", - деп қосты ол.

Сондай-ақ, Магеррам Магеррамов Əділбек Жақсыбековтің еңбегіне тоқталды.

"Жақсыбеков мырзаға да алғыс айту қажет, ол президенттің жанында қаншама жыл еңбек етті, сенімді қауымдастығы болды, мемлекет басшысы жүктеген барлық тапсырмаларды орындады, мемлекеттің қалыптасуына үлкен үлес қосты. Үнемі қызметтерге тағайындалып отырғандығы ескерусіз қалмайтын жайт", - деп баяндады мəжіліс депутаты.

NUR.KZ үшін өз түсініктемелерімен тағы бір мәжіліс депутаты,парламент мəжілісіндегі "Халық коммунистері" фракциясының басшысы Владислав Косарев бөлісті.

"Мемлекет басшысы өте дəл тағайындаулар жасайды, қызметкерлерді жаңарту - бұл басқару ісіндегі жетістіктер. Əрбір жаңа адам жаңаша əрекет жасайды жəне көп əсер береді. "Жаңа сыпырғы басқаша сыпырады" деп орыс мақалында бекер айтылмаған", -деді Владислав Борисович.

Оның айтуынша, Астана әкімдігін басқара отырып, Əсет Исекешов өзін жақсы жағынан көрсете білді.

Владислав Косарев та Исекешовті Президент əкімшілінде басшылық пен жұмыс стилін жетілдіру жағынан генератор болатынына нық сенімді.

"Ол кісіде енді тұрғылықты орган орындаушыларын басқару тәжірибесі пайда болды. Ендігі кезекте облыс әкімдері Қазақстан президенті əкімшілігі жағынан қаталырақ қолды сезеді деп ойлаймын",- деп түйіндеді Владислав Косарев.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
0
2
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel