RU
Түркиядан елге оралған нәрестені ата-анасы өз еркімен шетелде тастап кеткен болып шықты
Жаңалықтар Қоғам

Түркиядан елге оралған нәрестені ата-анасы өз еркімен шетелде тастап кеткен болып шықты

Рассказать Вконтакте

Күні кеше Түркиядан 29 мың доллар төленіп, елге қайта оралған нәрестені ата-анасы өз еркімен тастап кеткен болып шықты. Олар тіпті елшіліктен баласының қайтыс болғаны жайлы анықтама алмақ болған деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Пенза-Взгляд

Фото: Пенза-Взгляд

Сыртқы істер министрлігі өкілдерінің айтуынша, уақытынан бұрын туылған баланы алып қайтуға қаржымыз болмады деген қазақстандықтар о баста оны емдетуден өздері бас тартқан көрінеді. Сөйтіп, Васильевтер хал үстіндегі сәбиін қолхат жазып жат жерге қалдырып кеткен. Түркияның жетімдер үйінен бір-ақ шыға жаздаған нәресте жомарт жандардың арқасында бүгін аман-есен елге қайтарылды. 

Васильевтер отбасы перзентхана ақысын төлей алмағандықтан баланы сонда тастап кетуге мәжбүр болғанын айтқан еді.

"Васильева Дарья мен Васильев Иван жаңа туылған нәрестелерін емдеуден бас тартатыны туралы қолхат жазып, ауруханаға тастап кетіп қалған. Ол сәби жайлы біз сол клиникадан білдік. Ондағылар біздің Түркиядағы консулға қоңырау шалып, хабарлаған. Содан баланың жағдайына араласып, тез арада шешім табуға тырыстық. Одан қалды, елге оралған бойда сәбидің шетінеп кеткені туралы консулдықтан анықтама сұратқан. Бірақ бұл үшін ерлі-зайыптылар жауапқа тартылады ма, жоқ па ол жағы белгісіз. Десе де, жұбайлардың жол кіресін төлеп берген Сыртқы істер министрлігі енді мұндай жеңілдіктің жасалмайтынын айтып ескертті", - дейді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
1
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel