Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адам сенгісіз жағдайда жұмыс істейтін жезөкшелердің бір күндік өмірі қандай?

Опубликовано:

Неміс фотографы Сандра Хойн өзінің тәуелсіз журналист қызметінде түрлі әлеуметтік мәселелерді көтеріп, сан түрлі қайырымдылық бірлестіктермен жұмыс істейді. Бангладешке арнайы жезөкшелердің өмірін зерттеп көруге аттанған бойжеткен олардың қандай жағдайда өмір сүріп жатқанын көргенде жаға ұстады деп жазады bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lensculture.com
Фото: lensculture.com: UGC

Бангладеш - жезөкшелікті ресми түрде құптаған аздаған мұсылман мемлекеттердің бірі. Оның Кандапара қаласында күллі мемлекетке танымал Тангайл мейрамханасы орналасқан. Бұл көңіл көтеру орны жезөкшелер мекен ететін орталыққа айналып кеткен.

200 жыл бұрын салынған ғимаратта бүгінде "түнгі көбелектердің" сан түрін кездестіруге болады. Кандапарада туылған қыздардың барлығы дерлік сол мейрамханаға барып жұмысқа тұрып жатады. Жергілікті тұрғындар жезөкшелік әдеттегі жұмыстарға қарағанда, анағұрлым табыстырақ деп, оны кәдімгі жұмыс ретінде қабылдайды.

Фото: lensculture.com
Фото: lensculture.com: UGC

"Тангайлдың" маңы түрлі шайханалар мен дүкендерге лық толы. Өзін қанағаттандыруға келетін ерлердің баратын ауданында өзіндік қалыптасқан заңдылықтары да бар.

Бұл жерге келген бойжеткендердің көбісі әлсіз, алайда бангладештік "тәуелсіз" әйелдерге қарағанда мықтырақ.

"Тангайлға аяқ басқан арулар үшін ең қиын бастапқы кезең болып саналады. Олар кедей отбасыдан шыққан немесе туыстары сатып жібергендер болып табылады. Олар жергілікті билік етуші "ханымға" бағынышты болады.
Арулар бес жыл бойы өз қарызын өтеу үшін тегін қызмет етуге мәжбүрленеді. Кейіннен олар не мәңгі кетіп, не кәдімгі ақшаға жұмыс істейді. Алайда, бұл жерге бір рет аяқ басқандар өте сирек кетіп жатады" , - деп айтты мейрамханада тәжірибесі мол келіншек.

Айтуынша, қоғам жезөкшеліктен оралған аруларды көп жағдайда қарапайым ел қатарына қабылдамайды.

Мейрамханаға қызмет етуге тағдыр талқысына түсіп, үнемі соғатын күйеулерінен қашып келетіндер де бар. Жезөкшелердің клиенттері қатарында полицейлер, саясаткерлер, қарапайым жұмысшылар да кездеседі.

Кейбірі тек ләззат алу үшін жүгінсе, тағы біреулері махаббат іздеп келіп жатады.

Адам тұрарлықтай емес жағдайда қызмет етіп жатқан жезөкшелер жергілікті "ханымның" айтқанынан шықпауы тиіс. Мәселен, жүкті болып қалып балалы болған әйел, бір аптадан кейін дереу жұмысқа қайта шығуға мәжбүрленген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1751964-adam-sengisiz-zagdajda-zmys-istejtin-zezkselerdi-bir-kndik-miri-kandaj/

pixel