RU
Түркістан облысындағы диқандар атысынан жазықсыз жүк тасушы өліп кетті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысындағы диқандар атысынан жазықсыз жүк тасушы өліп кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысындағы атыста қаза тапқан 22 жастағы жігіт сол маңда жүк тасушы болып жұмыс істеген болып шықты деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: КТК арнасынан кадр

Фото: КТК арнасынан кадр

Ұлықбаевтар орбасы жалғыз ұлын осыдан төрт күн бұрын жер қойнына тапсырды. Ол физика-математика пәнінен сабақ беру үшін осы айда жұмысқа орналаспақ болған. Алайда уақытша жүк тасушы болып жұмыс істеуге шешім қабылдаған екен.

"Менің баламды өлтіргендерді қалай кешіруге болады? Оны аяусыз өлтіре салды", - дейді қайғыдан қан жұтқан ана.

Сол күні жігіт қауын тиеуге көмектескен. Осы кезде диқандар арасында клиентке талас туып, атыс болған.

Атыс кезінде жазықсыз Бердіқожаның үш жерінен оқ тиген.

Сондай-ақ тағы бір жүк тасушы жараланған.

Айта кетейік, қазір атысты ұйымдастырған азаматтар ұсталып, олардан суық қару тәркіленген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
14
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel