RU
"Самая вышка": Исекешев ел есінде қандай шулы оқиғалармен қалды?
Жаңалықтар Қоғам

"Самая вышка": Исекешев ел есінде қандай шулы оқиғалармен қалды?

Рассказать Вконтакте

Күні кеше ғана Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев өз қызметінен босатылып, президент әкімшілігі басшысы лауазымына тағайындалған еді. Содан бері қала тұрғындары мен желі қолданушыларының арасында шаһардың экс-әкімі туралы пікірлер легі толастар емес. Олардың бірі Исекешевті қаланың бірқатар түйткілді мәселелерін шеше алған білікті басшы десе, енді бірі уәдені көп берген әкім ретінде есте сақтаған. NUR.KZ назарларыңызға Әсет Өрентайұлы басшылық еткен тұста қалада орын маңызды әрі "ерекше" оқиғаларды ұсынады.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Исекешевтің дәуірінде шаһардағы көптеген жолдар жөнделіп, қаланың ескі, тоз-тозы шыққан аудандары жайнап шыға келді. Әсет Өрентайұлы бұл тұрғыда астаналықтарға барынша қолайлы жағдай жасауға тырысты.

Сонымен бірге қала әкімі өз қарамағандыларды таксиге отырғызып та таң қалдырды.

Ал, күні кеше тамыз айында ғана, автобустарда жолақысын төлеудің жаңа ережесін енгізіп, қала тұрғындарын тағы бір "шулатқан" еді.

Сол сияқты экс-әкім Астанадағы үй-күйсіз жүрген жануарларды да назардан тыс қалдырмады. Ол билік құрған кезде оларды атуға тыйым салынған-ды.

Исекешев әкім болған уақытта қаладағы веложолдардың саны да арта түсті.

Шаһар әкімі, сонымен қатар, түрлі "ақылды" жобалармен ел есінде қалуға тырысты. Ол "Smart Astana", "Балабақшаға кезекті ЭЦП" арқылы алу және т.б. жобаларды енгізді.

Бұған қоса Әсет Өрентайұлы әкім болған тұста, шаһарда шешімін тапқан түйткілді мәселелер де жетіп артылды. Олардың бірі қаладағы арық жүйесінің жөнді тартылмауы болды. Салдарынан Астана нөсер жауыннан кейін, "Екінші Венецияға" айналып шыға келді.

Исекешев билік еткен жылдары есте қалған тағы бір оқиға – "Абу Даби Плаза" құрылысындағы шу болды. Қала әкімі құрылысшылармен кездесіп, жанайқайын тыңдаған еді.

Экс-әкімнің былтырғы халыққа есеп беруі тіптен "таусылмас" әңгіме. Онда үлескерлер шу шығарып, қала әкімінің қызметінен кетуін талап еткен еді.

Ал, Шымкент әкімінің "Зың" деген сөзінен кейін, Исекешевтің "Самая вышка" деп әнге басуы тіптен таң қаларлық жағдай.

Айтпақшы, қала әкімі тілшілердің сауалынан қашатын, олардың алдында жиі есеп бермейтін әкімдердің қатарынан екенін тағы бір мәрте айта кету керек. Жалпы, экс-әкім Астана тарихындағы ең іскер әрі қарапайым әкім ретінде ел есінде қалды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
0
2
3
0
7
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel