RU
Қарағанды мен Теміртау арасындағы жол қабаты жарылып жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Қарағанды мен Теміртау арасындағы жол қабаты жарылып жатыр

Рассказать Вконтакте

Қарағанды мен Теміртау арасындағы көлік магистралі жоба бойынша биыл аяқталып, қараша айында тапсырылуы тиіс болатын. Алайда жол бетіне төселген бетон қабаты жарылып, жұмыс тұралап қалған деп хабарлайды 24.kz.

Фото: 24.kz

Фото: 24.kz

Алты жолақты 16 шақырымдық жолды құрылысшылар екі жыл бойы салған.

Жол сапасын қадағалайтын мекеме әзірге оның неліктен жарылғанын дөп басып айта алмай отыр. Мамандар, жолдың сапасын тек георадармен есептеу арқылы ғана анықтайтындарын айтты.

Тек осыдан кейін ғана нәтиже анықталмақ. Алайда істің бұлай созылуы жүргізушілердің наразылығын тудырып отыр. Өйткені, осы жол құрылысы басталғалы апаттар жиілеп кеткен.

"Бұл саланың жұмысына қатаң бақылау болмайынша, жол сапасы жақсармайды. Республикалық маңызы бар жолдарды қабылдап алатын комиссия құрамына міндетті түрде қоғам белсенділерін немесе үкіметтік емес ұйым өкілдерін қосу керек. Ал олар құрылыс басталған күннен бастап жұмыс барысын қадағалап отыруы қажет", - дейді қоғам белсендісі Руслан Лазута.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel