RU
Алматыда "Алтын Орда" маңында жолаушыны көлік қағып мерт қылды (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда "Алтын Орда" маңында жолаушыны көлік қағып мерт қылды (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыда рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтпек болған азаматты көлік қағып мерт қылды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Жол-көлік оқиғасы бүгін түнде Райымбек даңғылы бойында, "Алтын Орда" базары маңында болған.

Фото: Sputnik Қазақстан

Фото: Sputnik Қазақстан

Куәгерлердің айтуынша, Toyota Rav 4 маркалы көлігі Раймбек даңғылымен батыс бағытта жүріп келе жатады. Базар маңына таяғанда белгісіз азамат жолдан жүгіріп өтпек болып, оны Toyota жүргізушісі қағып кеткен. Азамат тоқтай сала көмектесуге шыққанда оны басқа бір көлік келіп соғып өтеді. Алайда жүргізуші оқиға орнынан қашып, жасырынып үлгерген.

Фото: Sputnik Қазақстан

Фото: Sputnik Қазақстан

Қазіргі уақытта іске қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп, қаза тапқан азамат туралы мәлімет жинақталуда.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel