RU
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікте бірқатар тағайындаулар болды
Жаңалықтар Қоғам

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікте бірқатар тағайындаулар болды

Рассказать Вконтакте

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде бірқатар тағайындаулар жүргізілді деп хабарлайды ведомствоның баспасөз-қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: баспасөз қызметі - Жанна Бастарова, Нурлан Жахин

Фото: баспасөз қызметі - Жанна Бастарова, Нурлан Жахин

МҚІСЖҚ төрағасы Алик Шпекбаевтың бұйрығымен ресми өкілі, сондай-ақ, қоғаммен байланыс департаменті директорының орынбасары қызметіне Жанна Бастарова тағайындалған.

Жанна Бастарова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "халықаралық журналистика" мамандығының түлегі болып табылады. Бұған қоса экономикалық білімі де бар көрінеді.

Мемлекеттік істер жөніндегі агенттікте 2014 жылдан бастап қызмет етеді екен. Бұған дейін агенттіктің баспасөз қызметі жетекшісі қызметін атқарған. Ол аталған салада 13 жылдан астам уақыт бойы еңбек еткен.

Бұған дейін қоғаммен байланыс департаменті директорының орынбасары, ресми өкілі қызметін атқарған Нұрлан Жахин Агенттіктің Павлодар облысы территориалдық департаменті жетекшісінің орынбасары қызметіне тағайындалған. Агенттік басшысы Алик Шпекбаев жаңа қызметке тағайындалған Агенттік өкілдерінің жұмысына сәттілік тіледі.

"Оларды тағайындау барысында тәжірибе, білім, тиісті құзыреттері мен мүмкіндіктері, осы қызметте жеткен жетістіктерінің бәрі ескерілді",-деді Алик Шпекбаев.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel