RU
"Менің өз отбасым бар": Қазақ қыздары ұзақ уақыт қонақтайтын туыстарға қалай қарайды?
Жаңалықтар Қоғам

"Менің өз отбасым бар": Қазақ қыздары ұзақ уақыт қонақтайтын туыстарға қалай қарайды?

Рассказать Вконтакте

Қазіргі заманғы қазақстандық арулар ұзақ уақыт үйінде қонақ болатын туыстар туралы пікірлерін айтып берді. Кей қыздар қонақтардың қонақүйде тұрғаны дұрыс дейді немесе пәтер шығындары мен азық-түлікке кететін ақшаны бөліп төлеу керек дегенді алға тартады. Бұл туралы weproject.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: weproject.kz

Фото: weproject.kz

23 жастағы Қостанай тұрғыны Әсемгүл қазақтың салт-дәстүрін жаңарту керек деп санайды.

"Жыл сайын біздің үйімізге қонақтар келіп тұрады. Кейде ыңғайсыз жағдайларға тап болып жатамыз. Мәселен ерте тұру керек, кей жұмыстарға уақыт жетпей жатады, жуынатын бөлме босамай қалады", - дейді ол.

Әсемгүлдің пікірінше, туыстардың ешкімді ұялтпай-ақ, бөлек пәтер жалдап тұрғаны абзал. Ал қаражат жағынан қысылса, көмек қолын созуға дайын екенін жеткізді.

"Бұл ойыма қарап, мені жаман немесе қатыгез адам деп ойлаудың қажеті жоқ. Тек менің де өз отбасым бар, олардың да жағдайын жасауым керек", - дейді ару.

Ал жезқазғандық Тоғжанның үйі соншалықты кең болмаса да, қонақжайлылықты толықтай қолдайтынын айтады.

"Біз бір шаңырақ астында тұратын үлкен отбасымыз. Кейде келген қонақтарды қондыратын орын болмай жатады. Осыған қарамастан оларға барымызды қойып, көңілдерін табуға тырысамыз. Қазақтың басқа ұлттардан ерекшелігі де осы қонақжайлылығында деп санаймын.

Бір кездері өзіміз де ата-анамызбен жолға шығып, көлге дейін жете алмай қалдық. Сонда таныстарымыздың үйінде түнеуге тура келді. Олар бізге монша дайындап, дәмді асын беріп, келгенімізге қуанышты екендерін көрсетті", - дейді ол.

Көкшетаулық Аида болса "ұзақ уақыт жатып алатын қонақ" дегенді өз басынан өткеріп көрген.

"Мен Астанада ағамның үйінде тұрамын. Әр отбасының өзіндік ішкі ережелері болады. Ол қанша жерден жақының болса да, бірге тұрғанда бөтен адамдай боласың. Меніңше, егер қонақ ұзақ уақытқа келсе, азық-түлік пен пәтер шығындарына көмектесуі керек", - дейді Аида.
Сіздің реакцияңыз
7
1
2
0
2
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel