Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қыркүйек пе, қыргүйек пе?" Елімізде мектеп оқулықтарына қатысты тағы да дау шықты

Опубликовано:

Елімізде мектеп оқулықтарына қатысты тағы да дау шықты. Бұл мәселе екінші сынып оқулықтарында "қыркүйек" сөзінің "қыргүйек" деп жазылуына байланысты талқыға түскен деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ/ Көрнекі фото: pravmir.ru, КТК видеодан кадр
Коллаж: NUR.KZ/ Көрнекі фото: pravmir.ru, КТК видеодан кадр: UGC

Оқулықтардағы бұл жазу қате емес болып шыққан. Өйткені, айдың "қыргүйек" деп жазылуы туралы ереже бес жыл бұрын қабылданып қойған екен.

Бұл қағида адамдар "к" әрпімен жазып үйренген "шеГара" және "көГөніс" сөздеріне де қолданылатын болған.

Лингвистердің айтуынша, орфограмманың жаңа ережелері БАҚ өкілдері мен қоғам белсенділерінің қысымынан кейін қабылданған. Олар сөздің тыңдалуына байланысты жазу дұрыс деп есептеген екен.

Алайда уақыт өткен соң бұл тәжірибе оң нәтиже бере қоймаған көрінеді. Өйткені, депутаттар мектеп оқулықтарында жазу ережесі дәстүрге сай болуы керек екенін айтқан.

"Қыркүйек қазақша қыркүйек деп жазылады. "Г" қайдан шыққан? Енді балаларымыздың санасына әріптерді сіңдіріп шаршатамыз ба? Өзіміздің Ұлттық Бірыңғай Тестте әр түрлі жауап дайындағанымыз да жетеді" , - деді мәжіліс депутаты Бақтияр Мәкен.

Бұл дауға қатысты пікір білдірген тіл мамандары латын әліпбиі енген соң бұл үш сөз қайтадан "к" әрпімен жазылады деген байламға келіп отыр.

Ал қазірше оқушылар қай нұсқамен жазса да, қате деп есептелмейді екен.

Дереккөз: 31 арна

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1752000-kyrkjek-pe-kyrgjek-pe-elimizde-mektep-okulyktaryna-katysty-tagy-da-dau-sykty/

pixel