RU
Бақыт Сұлтанов Астана әкімі болып тағайындалды
Жаңалықтар Қоғам

Бақыт Сұлтанов Астана әкімі болып тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Астана қаласының әкімі қызметіне елбасының жарлығымен Бақыт Сұлтанов тағайындалды деп хабарлайды Ақорда Twitter парақшасында.

Бақыт Сұлтанов. Фото Kazpravda.kz (Марат Кураков)

Бақыт Сұлтанов. Фото Kazpravda.kz (Марат Кураков)

Сұлтанов осыған дейін Қазақстан Республикасының қаржы министрі қызметін атқарған болатын.

Айта кетейік, күні кеше Әсет Исекешов Астана қаласының әкімі қызметінен босатылып, Президент әкімшілігінің басшылығына тағайындалған еді.

Бақыт Сұлтанов 1971 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

1998 жылы республикалық физика-математика мектебін тәмамдаған.

Ал, 1994 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетіне түсіп, "Робототехникалық кешендер және жүйелер" мамандығы бойынша оны үздік бітірген. Сондай-ақ, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "Бизнес және менеджмент" мамандығы бойынша тәмамдаған.

1994-2002 жылдар аралығында Қаржы министрлігінде түрлі қызметте болған.

Сонымен бірге, экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде де лауазымды қызмет атқарған.

Атап айтатын болсақ 2007-2010 жж. аталған министрліктің басшысы қызметінде еңбек еткен.

Сондай-ақ, ол осы уақыт ішінде статистика агенттігін де басқарып үлгерген.

2013 жылдың 6-қарашасынан бүгінгі күнге дейін қаржы министрлігі қызметін атқарған.

Елорданың жаңа әкімі үш бала тәрбиелеп отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
8
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel