Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртастың өзінен айнымайтын кенже баласы елді сүйсінтті (фото)

Опубликовано:

Қайрат Нұртас Instagram желісіндегі парақшасында кенже ұлының суретін жариялап, өзінен айнымай қалғанын айтып мақтанды деп жазады NUR.KZ.

Әншінің Хан атты ұлын көпшілік "Қайраттың кішкентай көшірмесі" деп жатады. Әншінің өзі де бұл пікірді растап, бала кезіндегі суреті мен кенжесінің бейнесін салыстырып көрсеткен.

"Менің 4 жастағы кезім, ал ұлымның 3-ке қадам басқан кезі. "Құнанбай болмаса Абай қайдан шығыпты" дегендей, мен болмасам Хан қайдан шықсын?! Сіздердің үйлеріңізде де осындай "ксерокопия" балаларыңыз бар ма?", - деп жазба қалдырған әнші.

Қайраттың оқырмандары болса Ханның тәтті түріне жақсы пікірлер қалдырып, кейбірі оны анасына көбірек ұқсатқан.

"Нағыз суретші екенсіз", "Көздері Жұлдызға көбірек ұқсайды. Өсе келе анасына тартып кететін сияқты", "Басқаларынан ерекше жақсы көріп тұратын шығарсың мұндай көшірмені", - деп ой білдірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1752018-kajrat-nrtasty-zinen-ajnymajtyn-kenze-balasy-eldi-sjsintti-foto/

pixel