RU
Баян Алагөзова шаш үлгісін өзгертіп, көпті таңғалдырды (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Баян Алагөзова шаш үлгісін өзгертіп, көпті таңғалдырды (фото)

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал продюсер онсыз да қысқа болған шашыш тағы да қиып тастады. Баян Алагөзованың белсенді оқырмандары оның шаш үлгісіндегі өзгерісін бірден байқап қойған. Кейбір желі қолданушылар бұл өзгерістің орын алуына бірдене себеп болғанын болжады деп жазады NUR.KZ.

Кезінде қолаң шашты болған Баян Алагөзованы бүгінде тану мүмкін емес. Отандық продюсер соңғы кездері өз образына елеулі өзгерістер енгізуде. Солардың бірі - шашының қысқартылуы.

Бұған дейін белінен келген шашын ол біртіндеп қысқартып, ақыр-соңы мүлде қатты қиып тастаған. Продюсердің Instagram парақшасына жүктеген суретінен оның белсенді оқырмандары отандық жұлдыздың өзгерісін бірден байқап, оған қатысты өз пікірлерін білдірді.

Кейбір желі қолданушылар Баян Алагөзованың бұл өзгерісіне өміріндегі оқиғалар себеп болса керек деп ойлады. Олар қолаң шашының қиылуының өз себебі бар деп болжады.

"Мына шаш сізге өте жарасымды. Ұзын шаштан гөрі осы дұрыс"
"Шашын қиып тастады ма? Жасарып шыға келдіңіз"
"Бұл өзгерістің артында бір нәрсе бар. Адамдар, әсіресе әйелдер өзгеріске бекерден бекер келмейді"
"Шашты қиюына бір жағдай түрткі болған ғой, сірә." , - деп жазды оқырмандар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
3
1
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel