RU
Бақыт Сұлтанов Астана әкімі болып тағайындалды: Елорда басшысы туралы не білеміз?
Жаңалықтар Қоғам

Бақыт Сұлтанов Астана әкімі болып тағайындалды: Елорда басшысы туралы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Кеше Астана қаласы әкімі Әсет Исекешев қызметінен босатылып, жаңа қызметке тағайындалған еді. Оның орнын бүгін экс-министр Бақыт Сұлтанов басты. Бұған дейін қаржы министрі қызметін атқарған Астананың су жаңа әкімі туралы не білеміз? NUR.KZ назарларыңызға шаһардың жаңа басшысы жайлы аз-кем ақпарат ұсынады.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Бақыт Сұлтанов 1971 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

1998 жылы республикалық физика-математика мектебін тәмамдаған.

Ал, 1994 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетіне түсіп, "Робототехникалық кешендер және жүйелер" мамандығы бойынша оны үздік бітірген. Сондай-ақ, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "Бизнес және менеджмент" мамандығы бойынша тәмамдаған.

1994-2002 жылдар аралығында Қаржы министрлігінде түрлі қызметте болған.

Сонымен бірге, экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде де лауазымды қызмет атқарған.

Атап айтатын болсақ 2007-2010 жж. аталған министрліктің басшысы қызметінде еңбек еткен.

Сондай-ақ, ол осы уақыт ішінде статистика агенттігін де басқарып үлгерген.

2013 жылдың 6-қарашасынан бүгінгі күнге дейін қаржы министрлігі қызметін атқарған.

Елорданың жаңа әкімі үш бала тәрбиелеп отыр.

Айта кетерлігі, Сұлтанов былтырғы жылы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сынына ұшыраған еді. Президент министрдің көңіліне толмай қатаң ескерту жасаған еді. Сонымен бірге, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин тарапынан да талай рет сынға іліккен еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
2
0
2
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel