RU
Ұлттық банк "сүйінші" монеталарды жарыққа шығарды (фото)
Жаңалықтар Финансы

Ұлттық банк "сүйінші" монеталарды жарыққа шығарды (фото)

Рассказать Вконтакте

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2018 жылғы 12 қыркүйекте "Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары" сериясынан номиналы 500 теңгелік күмістен жасалған және номиналы 100 теңгелік мельхиор қоспасынан жасалған "Сүйінші" коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады деп хабарлайды Ұлттық банкке сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Сүйінші" монеталары: Деловой Казахстан

"Сүйінші" монеталары: Деловой Казахстан

Күмістен және мельхиор қоспасынан жасалған монеталардың бет және сырт жақтарындағы бейнелер бірдей.

Айта кетейік, 500 теңгелік монеталар 925 сынамды күмістен жасалған. Ал 100 теңгеліктерге МН 25 мельхиор қоспасы пайдаланылған. 500 теңгелік 2000 данамен шықса, жүз теңгелік тиындар 30 мың дана болып шыққан.

Сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдана береді. Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel