RU
"Бала сүйгім келеді": Тәуекел Мүсілім тезірек әке атанғысы келетінін айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Бала сүйгім келеді": Тәуекел Мүсілім тезірек әке атанғысы келетінін айтты

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық шоу-бизнестің жарқын жұлдызы өзінің әке атануға дайын екенін айтты. Талай қыздың арманына айналған Тәуекел Мүсілім жасы кетіп бара жатқанына алаңдап, тезірек бала сүйгісі келетінін жеткізді деп жазады NUR.KZ.

Тәуекел Мүсілім өзінің парақшасына жазба қалдырып, оқырмандарын ойландырып қойды. Сері жігіт жүктеген суретінің астына мынадай жазба қалдырды:

"29 жастамын, үйленбегенмін. Бірақ, қатты бала сүйгім келеді. Реті дұрыс құрыстырылған жүйе болып кетті ғой".

Отандық шоу-бизнес жұлдызының бұл жазбасының астына оның оқырмандары өз пікірін білдірді. Көпшілік Тәуекелге тезірек үйленуге кеңес берді.

Тағы кейбір желі қолданушылар, талай қыздың арманына айналған актердің жақында ғана жария еткен сүйіктісімен айырылысып кеткенін де болжап жазды.

"29-ға келіп әкелі болмадым дегеніңіз орынсыз. Әлі жассыз, уақыт деген жетеді. Бұйыртса бәрі де болады"
"Өз-өзіңізге проблема жасап отырғаныңыз. Үйленіңіз де әкелі болыңыз"
"Қызық, сонда отбасын құрмай-ақ бала сүйгісі келеді ме?"
"Алдындағы 18-дегі қызыңыз қайда? Айырылысып кеткеннен саумысыз? Шын айтса, ұнамайтын сол маған" , - деп жазды желі қолданушылары.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
1
1
0
4
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel