RU
Мектептерде ҰБТ сынақ тестілеулеріне ақша жинау заңсыз болып шықты
Жаңалықтар Қоғам

Мектептерде ҰБТ сынақ тестілеулеріне ақша жинау заңсыз болып шықты

Рассказать Вконтакте

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жиынында ҰБТ сынақ тестілеулеріне әр оқушыдан 500-700 теңгеден жинау мәселесі көтерілді деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі фото: aulekol-roo.kz

Көрнекі фото: aulekol-roo.kz

"Мысалға алар болсақ, Алматы облысында аудандық білім бөлімдерінің нұсқауымен жекеменшік ұйымдар ақылы тестілеу өткізіп отырған.
Оқушыларға "X" жекеменшік ұйымы сынақ тестілеу өткізетінін, әр бала 500 теңгеден жинап беру қажеттігін айтады екен. Тест 9 сыныптан 11 сыныпқа дейін өткізіліп отырыпты. Әр тесттің бағасы-300-500 теңге. Олар аптасына, айына бір рет ұйымдастырылып отырған екен.
Бұл мектеп оқушылары белгілі бір жекеменшік ұйымның өткізу нарығын қамтамасыз етіп отыр деген сөз", - деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының орынбасары Олжас Бектенов.

Бұл тестілерді көп ата-анадар Білім және ғылым министрілгі ұсынып отыр деп ойлайды екен.

"Аталған ұйымдардың бұл істері мен тестілеуге ақша жинауы заңсыз және МҚІСЖҚІА мен Ұлттық бюро бұл істі қатаң бақылайтын болады.
Біз оқушылардың Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалуына, олардың әділ өтуіне қарсы емеспіз. Алайда бұрын бұл тестілерді бізге ұстаздар дайындап беретін.
Қазір ата-аналарға қандай себеппен ұсынса да, ақша жинау-заңсыз", - деді МҚІСЖҚІА сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Данияр Сабырбаев.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel