RU
Сауд Арабиясының ханшайымын Парижде тонап кетті
Жаңалықтар Әлемде

Сауд Арабиясының ханшайымын Парижде тонап кетті

Рассказать Вконтакте

Сауд Арабиясының ханшайымын Париж қаласындағы Ritz қонақүйінде тонап кетті. Арудың сөмкесінен 800 мың еуроны құрайтын әшекей бұйымдар жоғалып кеткен деп хабарлайды ru.oxu.az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: ru.oxu.az

Көрнекі фото: ru.oxu.az

Оқиға 7 қыркүйек күні орын алған. Тонау нәтижесінде Сауд Арабиясының ханшайымы 800 мың еуроны (350 млн теңге) құрайтын бағалы бұйымдарынан айырылып қалған.

Ханшайым заттарын темірсандықта емес, өз сөмкесінде ұстаған көрінеді. Тексеріс барысында бөлменің есігін бұзылмағаны анықталыпты.

Жәбірленуші бұл іске қатысты арыз ұсынған. Енді қарақшылыққа қарсы күрес тобы тонау ісін тексеру үстінде.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
1
2
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel