RU
Назарбаев: Астана әкімінің тағайындалуы мен үшін өте маңызды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев: Астана әкімінің тағайындалуы мен үшін өте маңызды

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласы белсенділерімен кездесу өткізді. Ал жиын алдында өткен қалалық мәслихат отырысында депуттаттар қала әкіміне Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлын тағайындау туралы шешімді бірауыздан қолдаған еді деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Исекешовті президент әкімшілігі басшысы қызметімен құттықтап, оған жауапты істе толағай табыстар тіледі.

Одан бөлек, елбасы Әсет Исекешовтың жеке қасиеттері мен оның елорданы дамыту ісіндегі нәтижелерін түртіп өтті.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Осы орайда Назарбаев қаланың жаңа басшылығына жүктелетін міндеттер туралы да сөз етті.

"Елорданың жаңа әкімін тағайындау мен үшін әрдайым маңызды. Қаланың дамуы, жаңа құрылыс орындарының салынуы үнемі менің қадағалауымда болады. Бақыт Сұлтановта мемлекеттік басқару ісіндегі тәжірибе мен қажетті ұйымдастырушылық қабілеттер бар.
Қаланың дамуына жаңа модель енгізу керек. Инновация мен креативті тұлғаларды дамыту үшін қажетті орта құрастыру керек. Бұл үшін қаланың 2050 жылға дейінгі дамуына байланысты ұзақ мерзімді жоспар даярлау қажеттігі туындайды", - деді Елбасы.

Одан бөлек, мемлекет басшысы "Астана" халықаралық қаржылық орталығының мүмкіндіктері арқылы елорданың іскерлік-қаржылық орталық болып қала беруін қамтамасыз ету қажеттігін айтты.

Сондай-ақ, Назарбаев қаланың инфрақұрылымының даму екпінін сақтауды, туристік дамуын тәжірибе жүзінде қамтамасыз етуді тапсырды.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Соңында Исекешов пен Сұлтанов елбасыға артқан сенімі үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта елорда мен мемлекет дамуына бар күштерін салатынын жеткізді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel