RU
Салық бойынша айыппұл: МКК жалған хабарлама туралы мәлімдеді
Жаңалықтар Қоғам

Салық бойынша айыппұл: МКК жалған хабарлама туралы мәлімдеді

Рассказать Вконтакте

ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті халықты өткен жылы салық төлемегені үшін айыппұл салынады деген хабарламаға сенбеуге шақырады. Мессенджерлер арқылы 2018 жылғы және былтырғы жыл үшін салық төлеп үлгермеген жеке тұлғаларға 8 АЕК - шамамен 20 мың теңге көлемінде айыппұл салынады деген жалған ақпарат тараған деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото antikor.com.ua

Көрнекі фото antikor.com.ua

Оған қоса, хабарламада салық төлемеген адамның қарыз мөлшері айыппұл көлеміне әсер етпейтіні айтылған. Жазбаның соңында жеке тұлғаның ЖСН нөмірі арқылы қарызын тексеруге арнайы сілтеме берілген. Аталмыш ақпарат халықтың үрейін ұшырып, қоғамда түсінбестік туғызған.

Месеенджер арқылы тараған хабарлама скриншоты

Месеенджер арқылы тараған хабарлама скриншоты

Мемлекеттік кірістер комитеті ресми сайтында осы мәселеге қатысты баспасөз релизін жариялап, қарыз үшін 20 мың теңге төлемейтінін, мессенджер арқылы тараған ақпараттың жалған екенін мәлімдеген.

Ал 2018 жылғы көлік салығын төлеудің соңғы мерзімі - 2018 жылдың 31 желтоқсаны екен.

Салықта берешектері пайда болған адамдар үшін мынадай шаралар қолданылатын ескертілген:

  • 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап банктер салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушіге банктік шотты ашудан бас тартатын болады;
  • Егер қарызыңыз 1 АЕК, яғни 2405 теңгеден асатын болса, хабарлама жолданған күнінен 30 жұмыс күн өткен соң салықтық берешекті төлемеген жағдайда салық органы салықтық бұйрық шығарады және оны орындау үшін сот орындаушыға жолдайды.
  • Салыққа қарызыңыз 20 АЕК, яғни 48 100 теңгеден асса, Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығарылады.

Салықтық қарызыңыздың бар-жоғын www.kgd.gov.kz сілтемесі арқылы тексере аласыз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel