RU
"Депутат болмағанына шүкір": Қайрат Нұртастың әйелі тағы сынға қалды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Депутат болмағанына шүкір": Қайрат Нұртастың әйелі тағы сынға қалды

Рассказать Вконтакте

Белгілі әнші Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдукәрімованың ұлттық арнада қандай бағдарлама жүргізетіні белгілі болды. Күні кеше ғана әншінің әйелі "Шаңырақ" бағдарламасының тізгінін ұстап, көрермендерге тағы да жақпай қалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Эстрада жұлдызының "Шаңырақ" бағдарламасының жүргізуші атанғанын ұлттық арнаның продюсерлерінің бірі хабарлаған.

"Бүгіннен бастап бұл кісіні Ұлттық арнадан көресіздер. Жаңа маусымдағы жаңа жоба көрермендерге жол тартты.

"Shanyraq" - бағдарламасы отбасының құндылықтарын дəріптейтін, жастарға отбасын құндылықтарын түсіндіретін, үлгілі отбасы болудың сырымен бөлісетін бағдарлама.

Отан отбасынан басталады, отбасының берекесі, бақыты ата-ана үшін, бала үшін де маңызды. Ұлттық арна қосулы болсын!", - дейді ол өз жазабсында.

Ал, желі қолданушыларына болса Жұлдыз Әбдукәрімованың бағдарламаны жүргізу мәнері ұнамаған сыңайлы.

Олар "Ақше не істетпейді", "Депутат болмағанына шүкір", "Басқа да дарынды журналистер бар, неге әртістер жүргізеді?", - деген пікірлерін жарыса жазып жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
21
3
0
6
2
1
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel