Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өлім аузындағы қария ауруханада 25 сағат кезек күткен

Опубликовано:

92 жастағы Дублин тұрғыны Глэдис Камминстың бүйрек қабынуы асқынып, ауруханаға еткізілген. Алайда қария өз кезегін 25 сағат күтуге мәжбүр болып, әрбір секунд сайын жағдайы нашарлай берген. Бұл туралы Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: Facebook
Фото: Facebook: UGC

Ауруханаға әжейдің жанында Ди есімді қызы бірге барған. Ол анасының қиналып, қуарып бара жатқанына куә болыпты. Қарияның халі қаншалықты нашар болса да, ешбір медициналық қызметкер оған көмек көрсетуге асықпаған көрінеді.

"Мен жан-жағыма қарап ұзақ уақыт отырдым. Көптеген қарт адамдар қиналып жүрді. Бірақ ешкім оларға сый-құрмет көрсеткен жоқ", - дейді Ди.

Абырой болғанда, Глэдис Камминс дәрігер қабылдауына үлгеріп, қазір ем-дом шараларын қабылдап жатыр. Алайда Ди анасының суретін әлеуметтік желіге жүктеп, елдегі денсаулық сақтау басқармасының назарын аударғысы келіпті.

Ирландияның Денсаулық сақтау министрі Саймон Харрис бұл оқиғаны "мүмкін емес жағдай" деп танығанымен, аурухана қызметкерлеріне қатысты ешбір шара қолданбаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1752076-lim-auzyndagy-karia-auruhanada-25-sagat-kezek-ktken/

pixel