RU
Алматыда қатты жылдамдықпен жүйткіген автобус апатқа түсті (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда қатты жылдамдықпен жүйткіген автобус апатқа түсті (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыда қатты жылдамдықпен жүйткіген №45 жолаушылар автобусы жол апатына түсті. Газ құбырына соғылған автобустың күл талқаны шыққан деп хабарлайды inAlmaty.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Instagram әлеуметтік желісіндегі almaty_dtp паблигінде жол апатына ұшыраған автобустың суреттері жария етілді. Куәгерлердің айтуынша, қатты жылдамдықпен жүйткіген №45 бағыттағы автобус жер үйдің қақпасына келіп соғылып, газ құбырының күл-талқанын шығарған. Бұл жайт Школьная көшесінде орын алған.

«Автобус парктерінің қожайындарын, автобус жүргізушілерін тексеретін адам бар ма? Автобус жүргізе алмайды. Алматыда автобустар үнемі жол апатына түсіп, көліктерге соғылып, адамдарды жарақаттап жатқаны. Бұған назар аударып жатқан кім бар?", - деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Сонымен бірге, куәгерлер автобустың ішінде жолаушылардың болмағанын және зардап шеккендердің жоқ екенін де жеткізген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel